КГКП «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» кітапханасында Ғылым күніне арналған танымдық квест ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында ғылымды насихаттау, логикалық ойлау қабілетін, топпен жұмыс істеу дағдысын және ғылыми қызығушылықты дамыту. Квест барысында қатысушылар келесі кезеңдерден өтті: · «Ғылыми фотосуреттер» интерактивті тапсырмасы – макросуреттерде бейнеленген нысандарды анықтау; · «Факт пе, фейк пе?» ойыны – шынайы ғылыми фактілер мен жалған ақпаратты ажырату; · «Логикалық қатар» тапсырмасы – сандар мен ұғымдар қатарындағы заңдылықты табу; · «Эксперимент» кезеңі – түрлі тығыздықтағы сұйықтықтармен визуалды тәжірибені талдау; · «Ғалым кім?» викторинасы – танымал ғалымдар мен олардың жаңалықтарын сәйкестендіру. Білім алушылар белсенділік пен тапқырлық танытып, топтық жұмысқа деген бейімділіктерін көрсетті. Іс-шара заманауи форматта өтіп, қатысушылардың қызығушылығын оятты.
